«Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 598 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:
6-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпарат -кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі мәліметтер;
3) жасырын ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілеріне, халықаралық шарттарға сәйкес қол жеткізу шектелген (жасырындығы белгіленген), яғни егер басқа нормативтік құқықтық актілерде өзгеше көзделмесе, мұндай ақпаратты иеленушінің жазбаша келісімінсіз оны үшінші тұлғаларға бермеу (жария етпеу) бойынша осы ақпаратқа қол жеткізген адамның орындауы үшін міндетті талап белгіленген ақпараттың барлық түрі (коммерциялық, банктік, салықтық, нотариаттық, дәрігерлік (медицина жұмыскерінің құпиясы), жеке, адвокаттық құпияны және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияны қоса алғанда);»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) шифрланған хабарлама - қағаз және электрондық ақпарат жеткізгіштерде ұсынылған, шифрланатын немесе шифрды ашу нәтижесінде алынған арнайы құжат түрі.»;
10-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: