«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31715 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі - ӘРПК), «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң), өзге де заңнамалық актілерді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомствосында, білім беру мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі - прокуратура органдары) жолданымдарды қарау мәселелерін нақтылайды.»;