«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № ҚР ДСМ-113 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабының 1-тармағына 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (қызыл аймақ) - өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) - өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.»;
38, 39, 40, 41, 42 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: