«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 710 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында:
9, 10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Басқарудың күнделікті ұзақтығы 9 сағаттан аспайды. Оны аптаның ішінде ең ұзақ дегенде 10 сағатқа дейін екі рет ұлғайтуға рұқсат етіледі.
10. Басқарудың апталық ұзақтығы 56 сағаттан аспайды.
11. Басқарудың жалпы ұзақтығы кез келген жалғасқан екі аптаның ішінде 90 сағаттан аспайды.»;
13, 14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Төрт жарым сағат бойы басқарған кезеңнен кейін, егер демалыс уақыты келмесе, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасайды.
14. Бұл үзіліс ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліспен ауыстырылады, одан кейін ұзақтығы кемінде 30 минут үзіліс басқару кезеңі ішінде төрт жарым сағат ішінде немесе осы кезеңнен кейін бірден осы Қағидалардың 13-тармағының ережелеріне сәйкес бөлінеді.