«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 24 шілдедегі № 117 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;
3) 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;
4) 4-қосымшаға сәйкес гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;
5) 5-қосымшаға сәйкес туристік операторға, туристік агентке, гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.»;