«Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 69 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21698 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаук министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесінде:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: