«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 160 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 12-қосымшаға сәйкес бекітілген «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) және жарияланған акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.