«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 311 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 670 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ҚР ҚК-да мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі:
1) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жерүсті авиациялық мамандарынан басқа):
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)»;
2) ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«ұшқыш (штурман) - мерген»;
3) авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандары лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«тәлімгер (шебер)»;