«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 174/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі:
4-7-тармақтар алып тасталсын;
9-15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 9. | 00101003 | Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда әскери қызмет не қызмет өтеген және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға | ҚМ | «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген. |
| 10. | Бұрын әскери (балама) қызметті не құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткергендер қатарынан басқа мемлекеттерден келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға | ҚМ |
| 111. | Әскери қызмет немесе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына айырбастаған кезде | ҚМ |
| 112. | Әскери билет жоғалған не бүлінген кезде әскери қызмет немесе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар | ҚМ |