Введите номер документа
Прайс-лист

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 198 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 27 апреля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2021
Дата последнего изменениявторник, 27 апреля 2021

 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 198 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі - клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;

3) багаж түбіртегі - багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;

4) багажды автомобиль - жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом