«Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № А-8/440 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № А-4/156 Қаулысы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № А-8/440 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
«Бурабай ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 22, 23-жолдарымен толықтырылсын:
«
| 22 | «Атауы жоқ» су айдыны | Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімшілік шекаралары шегінде (географиялық координаттары: 52°37′8.77″С; 69°48′39.43″В) | 300 | 35 |
| 23 | «Атауы жоқ» су айдыны | Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімшілік шекаралары шегінде (географиялық координаттары: 52°37′18.33″С; 69°48′32.51″В) | 300 | 35 |
»;
«Целиноград ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 35, 36, 37, 38, 39, 40-жолдарымен толықтырылсын:
«
| 35 | Жарлыкөл көлі | Целиноград ауданы | 500 | 50 |
| 36 | Таскөл көлі | Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімшілік шекаралары шегінде | 300 | 35 |