«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 795 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
39-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Рәсімдерге және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін тексеруді және жүктеуді бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
101-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«101. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасында шот ашуға өтінім беруіне:
1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;
3) мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген ережесі немесе жарғысы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;