Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 76 бұйрығы
(2024.24.08. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е статистикалық есеп нысанында:
№ 1 кесте «Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері»:
мынадай мазмұндағы 84-жолмен толықтырылсын:
«
| 84 | Мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды прокурорға жіберілді (ҚР ҚПК-нің 668-бабының 5-бөлігі) |
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті құрастыру нұсқаулығында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: