Введите номер документа
Прайс-лист

«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 222 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 18 мая 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июня 2021
Дата последнего изменениявторник, 18 мая 2021

 «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 222 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Білім алушы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 119-бабына сәйкес өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

Дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.

Дуальды оқыту кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары беретін шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес кәсіпорындарға (ұйымдарға) өтеледі.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом