Введите номер документа
Прайс-лист

«Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 221 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 14 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 29 апреля 2022
Дата последнего изменениячетверг, 14 апреля 2022

«Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 221 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағалы заттарға бағалы металдар (кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий) және асыл тастар (табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу) жатады. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі.»;

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жылжымалы мүліктен – ақша, құндылықтар, көлік құралдары және құнды қағаздар қабылдануы мүмкін.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Кепілді қабылдау тәртібі»;

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, орган оны әділет органдарының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның есептері бойынша тіркелуі тұрғысынан тексереді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қажет болған жағдайда кепіл мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды уәкілетті органдар береді не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом