Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.29.04. № 146 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 200 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
(2016.29.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін (бұдан әрі - МСАК) мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.