«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 369 бұйрығы
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 124 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына (2019 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
12-тармақта:
164) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«164) мемлекеттік кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 170), 171), 172), 173), 174) және 175) тармақшалармен толықтырылсын:
«170) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;