Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа
5-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа,
мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек
көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, мәжбүрлеп емдеу ұйымынан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі - ПБЗ) пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) (бұдан әрі - ПМБ) бар адамдардың қолдап (рецидивке қарсы) емдеуден өту тәртібін белгілейді және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 174-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.
2-тарау. Сот қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделгендер ретінде жазылғаннан басқа, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту тәртібі