«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 386 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Бiрыңғай байланыс орталығы - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
18-тармақта:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытындыны кері қайтарып алу үшін негіздер анықталған жағдайда, арнайы комиссия қорытындыны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және тауар өндірушіге қорытындыны кері қайтарып алу себептерін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.»;
он бірінші және он екінші абзацтар алып тасталсын:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Субсидияларды беруден бас тарту Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.»;
23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: