Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 148 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің және әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылдың 18 мамырдағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20684 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің және әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын: