Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 132 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 29 июня 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 26 августа 2018
Дата последнего измененияпятница, 29 июня 2018

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 132 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 818-823 (27894) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Қолма-қол ақшаны қабылдау ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) белгілеген лауазымды тұлға (тұлғалар), кассир және қолма-қол ақшаны енгізген адам қол қойған кассалық кіріс ордері (бұдан әрі - кіріс ордері) бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны енгізген адамға лауазымды тұлға және кассир қол қойған түбіртек (кіріс ордерінің жыртпалы бөлігі) беріледі.»;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Қолма-қол ақшамен есептеуді жүзеге асыру үшін ұйым әр касса үшін жеке касса кітабын жүргізеді. Кассалық кітаптар нөмірленеді және тігіледі. Касса кітабындағы парақтар саны ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом