ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасында:
«1. Кіріспе» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бөлім. Кіріспе»;
5-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
«2. Ағымдағы ахуалды талдау» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау»;
«2.1. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігіне және әскери қатерге ықпал ететін негізгі жағдайлар мен факторлар»;
8-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әлемде жаппай қырып-жоятын қару ауқымының өрістеуі, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай әсер ететін қарудың жасалуы;»;
9-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер етудің (кибершабуылдың) жүзеге асырылуы.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазіргі заманғы жағдайлар мен факторларға сүйенсек:»;
«2.2. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазіргі заманғы әскери жанжалдар сипаты»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: