Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 70 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 14 февраля 2025
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 мая 2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 70 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген):

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ағымдағы қалпына келтіру құны - есептілік күніне активті сатып алу нәтижесінде мемлекеттік мекемеде туындауы мүмкін шығындар;

2) айырбасталатын операциялар - бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге/қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);

3) айырбасталмайтын операциялар - айырбасталатын болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құнды алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды береді;

4) активтер - болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар;

5) активтi алмастыру құны - активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом