«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 637 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Бюджет кодексінің 98-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тиісті бюджет комиссияда міндетті түрде қарала отырып, бюджетте бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бекітілген бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он бес пайызынан аспайтын көлемде қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында және (немесе) бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлу туралы шешім қабылданған кезде, мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негізінде түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетілген бюджетте осы өзгерістерді көрсетеді.