«Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 8С-3-9 шешімі
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-9 шешімімен күші жойылды
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 6 жолы алынып тасталсын;
реттік нөмірі 10 жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«