«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 232 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қазақ тіліндегі атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі атауы өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы»;
қазақ тіліндегі 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында:
қазақ тіліндегі атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі атауы өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары»;
1-тараудың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;
1-тарамақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: