«Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 740 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін сот сараптамасы органының қызметкерлері, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалар және «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамдар жүзеге асырады».»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды қабылдау сәтінде сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен таразыға тартады (сұйықтың көлемі өлшенеді).