Осы редакция 2018 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 211 қаулысымен
бекітілген
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату
үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс- қимыл тәртібін сипаттау