Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
1 қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларындағы 30 %-дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр
көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2021.27.12. берілген өзгерістермен)
1 бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жылу электр станцияларындағы 30 %-дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормасын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) қазандықтың бу өнімділігі - агрегат бір сағаттың ішінде өндірген бу көлемі;
2) қождау - күлдің жұмсарған бөлшектерінің кететін газдардың жүрісі бойынша қазандықтың қызатын бетіне жабысуы;
3) қожды кетіру - булы қазандықтың оттығынан қатты отынды жағу кезінде түзілген, ошақтық қалдықтарды кетіру;
4) отынның номиналды шығыны - номиналды жүктеме кезінде қазандықпен шығындалған, отын мөлшері;
5) қазандықтың номиналды жүктемесі - отынның жану жылуы бойынша пайдалы әсер коэффициенті (бұдан әрі - ПӘК) ескермегендегі қазандықтың толық қуаты;
6) отынның қызу шығару мүмкіндігі - отын толық жанған кезде бөлінетін, жылу мөлшері;
7) диірмендердің өнімділігі бойынша қор - бірден үлкен коэффициентті және ұнтақтаудың белгіленген жұқалығын пайдалану кезіндегі пайдалы қуаттың бір бірлігіне шаққандағы, өнімділік; 8) шаң дайындайтын қондырғы - қазандыққа түсетін отынды дайындауға арналған, құрылғы.
Аталмыш Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
2 бөлім. Қолданылу саласы