«Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 218 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Қосылатын коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 6 тамыздағы № 805 Қаулысымен бекітілген «Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкес келтірілгеннен кейін байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылуы жүзеге асырылады. Көрсетілген техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкестігіне сертификаттау мақсатында қосылуы кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімде жүзеге асырылады.»;
52-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: