«Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 19 шілдедегі № 343 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 15253 тіркелген, Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруда:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссия мүшелеріне үміткерлердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау бойынша қызметақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі - № 1193 қаулысы) нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комиссия мүшелері бағаларды осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткердің уәждемелік пен ұсыным хаттарын бағалау парағына қояды.
Уәждемелік және ұсыныс хаттарды бағалау нәтижелері туралы шешім Комиссия мүшелері қойған қорытынды балдардың көпшілігі негізінде қалыптасады.»;
мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
«25. Комиссия мүшелерінің үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу № 1193 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.»;