Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 20 маусымда) (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датачетверг, 20 июня 2019
Статус
Не введен в действиевводится в действие с

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

(Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 20 маусымда)

 

ҚР 2021 жылғы 24 маусымдағы № 55-VII Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімнің, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының (бұдан әрі - Жалға беру шарты) және 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің ережелерін ұстанатындығын растай отырып,

бірлескен халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық ғарыштық жобаларды іске асыру арқылы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың тиімділігін арттыру мүдделерінде әрекет етуге ниет білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан поляр маңындағы орбиталарға ғарыш аппараттарын ұшыру үшін солтүстік бағыттағы жаңа трасса бойынша «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде Тараптар мен құқықтық қатынастардың басқа да қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін реттеу үшін ұйымдық-құқықтық негіз белгілеу осы Келісімнің нысанасы болып табылады.

 

 

2-бап

 

1. Осы Келісімді орындау бойынша жұмыстарды үйлестіруге жауапты уәкілетті органдар:

Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом