Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 430 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 12 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 27 июня 2025
Дата последнего изменениячетверг, 12 июня 2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 430 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоғам мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын, оның қызметінің негізгі нысанасы:

1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;

2) мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;

3) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы;

4) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын;

5) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды;

6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;

7) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулерді;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулерді және ұсынымдар әзірлеуді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом