ҚР Энергетика министрінің 2016.24.05. № 215 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 18 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 369 бұйрығына 6-қосымша
«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.21.01. берілген өзгерістермен)
«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - парниктік газдар шығарындыларына сертификат.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызмет алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: