Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 33-132 шешімі
Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189842 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сарқан ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;