Введите номер документа
Прайс-лист

«Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 3 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 января 2019
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2020

 «Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 3 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) банк - екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген банк операциясын жүргізген кезде ислам банктері, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

2) банктердің синдикаты - бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу және банктердің синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам екінші деңгейдегі банктер;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом