«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 64 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қазанда нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары және жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;