«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 76/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14322 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының педагогтарына, ғылыми-педагогикалық және ғылыми қызметкерлеріне өтілін есептеу «Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.