«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 258-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы көрсетілген мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;
9-тармақ алып тасталсын;
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттігі болып табылмайтын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке бағытталады.»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мақсаты - мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өкілеттіктері
1) құқықтары: