«Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-ө өкімі
1. «Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасында:
«Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары»;
«Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары» деген тарауда:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Жол картасында мынадай бағыттар көзделеді:
1) әлеуметтік-мәдени саланың, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның инфрақұрылымдық жобаларын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыру есебінен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту;
2) шағын, орта бизнесті, оның ішінде отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
4) өңірлерде бизнесті дамыту.»;
«Бірінші бағыт: әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жалпы құрылыс және арнайы жұмыстары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: