Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 197 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20327 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу үшін аумақтық бөлімшелердің атына мынадай құжаттардың көшірмесін жолдайды:
1) орман мекемесінің жазбаша келісімі;
2) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;
3) сұралып отырған жер учаскесінің шекаралары көрсетілген орман орналастыру жобасынан масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмесі;
4) қарауына орман мекемесі жататын мемлекеттік органның жазбаша келісімі;
5) II, III және IV санаттардағы объектіге арналған құрылыс жобаларына Қазақстан Республикасы Экология кодекстің талаптарына сәйкес;
6) уран және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде:
уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия;
тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы.