«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 20 қазандағы № 573 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы киім-кешегінің тиістілігі нормасында:
1-бөлім. «Жоғары басшы құрамының нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормалары» мынадай редакцияда жазылсын:
«
| р/с № | Нормалардың атауы | 1 адамға өлшем бірлікті сандық түрде есептегенде | Кию мерзімі | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1-кіші бөлім. Парадтық нысанды киім* |
| Жазғы |
| 1. | Қою көк түстi фуражка | 1 дана | 5 жыл | |
| 2. | Қою көк түсті ашық екі қаусырмалы мундир мен қызыл қоңыр лампастары бар қою көк түсті балағы түсіңкі шалбар | 1 жинақ | 5 жыл | |
| 3. | Ақ түстi ұзын жеңді жейде | 1 дана | 3 жыл | |
| 4. | Қара түстi, хром бәтеңке | 1 жұп | 3 жыл | |
| 2-кіші бөлім. Парадтық-салтанатты нысанды киім* |
| Жазғы |