«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 316 бұйрығы
(2021.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі:
9-тармақтың 16 және 25-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«kҚҚС - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 34-бабына сәйкес қосылған құнға салық мөлшерлемесі (бұдан әрі - ҚҚС) (халықаралық қатынастарда қосылған құнға салық коэффициенті алдыңғы кезең фактісі бойынша сараптамалық бағалау арқылы анықталады).».
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.31.12. № 679 бұйрығымен 11-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)