ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
| Балаева Аида Ғалымқызы | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, |
| Борашева Гүлмира Майорқызы | - | «Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша), |
| Ғиният Ажар | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, |
| Ехласова Әлия Айтбекқызы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы, |
| Жақыпова Светлана Қабыкенқызы | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, |
| Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, |
| Зәкиева Динара Болатқызы | - | Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), |
| Имашева Снежанна Валерьевна | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |