«Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 10 шілдедегі № 402/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесінде:
2-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесі;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
9) «Әлеуметтік әмиян».».