«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 353 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2021 жылға мынадай:
1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 14 911 075 741 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 459 837 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 392 058 235 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 847 068 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 30 847 068 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 3,5 пайыз;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;