«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 342 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары сұранысқа ие (тапсырыс берілген) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі - МТНБ) - жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;