«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 400 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде:
1-бөлімде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар:
реттік нөмірі 18-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
Қан, қан ұю ағзаларының аурулары және иммундық механизмді тартатын жеке бұзылулар |
| 18 | D45-47.9, С81- С96 D56, D57, D59.5, D61, D69.3, D76.0 | Миелодиспластикалық синдромдарды қоса алғанда, лимфоидты, қан түзетін және оларға ұқсас тіндердің қатерлі ісіктері, қанның кейбір ауруларын қоса алғанда, оның ішінде апластикалық анемия мен имунды тромбоцитопения | Динамикалық байқауда тұрған барлық санаттар | Верификацияланған диагноз кезіндегі ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Элтромбопаг, таблетка | B02BX05 |
| Эпоэтин зета, инъекцияға арналған ерітінді | B03XA01 |
| Эпоэтин бета, инъекцияға арналған ерітінді | B03XA01 |
| Эпоэтин альфа, инъекцияға арналған ерітінді | B03XA01 |
| Дексаметазон, таблетка | H02AB02 |
| Преднизолон, таблетка | H02AB06 |
| Хлорамбуцил, таблетка | L01AA02 |
| Мелфалан, таблетка | L01AA03 |
| Метотрексат, таблеткалар, инъекцияға арналған ерітінді | L01BA01 |