«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 13 маусымдағы № 125/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Регламентінде:
57-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Құрылымдық бөлімше - әзірлеуші жобаға қатысты электрондық құжат айналымы арқылы Заң қызметімен, Агенттік Төрағасының орынбасарымен немесе Аппарат Басшысымен және міндетті түрде Төрағамен келісілгеннен кейін: