«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 65 шешiмi
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады.»;
аталған шешіммен бекітілген, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: